Өлең, жыр, ақындар

Сәйгүлігім

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1118
Бесжылдықты
Бес қырқадан асқанда,
Біздің поезд
Үдеп алға басқанда:
Қалам желіп,
Жүйткі еріп,
Совет елі
Тарихтың шын
Алтын бетін ашқанда!..
Сом білегім, ірікпей күшті қарышта,
Бұлшық етім,
Бұлтылда ойнап маршта.
Жүйткі, талма!
Іркіп қалма,
Деміңді алма
Бес қырқадан
Асқан ұлы жарыста!
Совет елі
Шыққан өрлеп бұл асу, —
Социалдық
Ұлы биік, ұлы асу,
Әуел толғап,
Туды қолға ап,
Шықтық жолға ап.
Керек болған
Сонда-ақ белді қынасу..
Сәйгүлігім,
Кеше қырдың жабысы,
Дүрсілдесін
Жерді жарып дауысы.
Кер құлашты!
Жер қыл тасты!
Жел қыл қасты.
Тұлпарымның
Белгілі екпін шабысы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жел қайықта

  • 0
  • 0

Тәуекел дарияға салсаң қайық,
Қорықпай жүз, тұтқан жолда кетпе тайып.
Дарияда бірде тыныштык, бірде дауыл,
Қаңбақша кезер кемең қанат жайып.

Толық

Қызыл ат

  • 0
  • 0

Нұсқалап бұл күйді өстіп жоспарладым,
Қызыл ат-сынды сұлу досқа арнадым.
Жібек сырт, алма қызыл, наз сұлуым
Дегізбе, «шіркін күйді босқа арнадым?..»

Толық

Тұрмыс толқынында

  • 0
  • 0

Тасып аққан Жайықты
Кейде ұқсатам тұрмысқа,—
Әркім есіп қайықты
Ағып, қалқып тырмысқан.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер