Өлең, жыр, ақындар

Келешек мерекесі

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 334
Жиырма жылдан кейін өмір қандайды
Адамзатқа көрсетеді десеңіз,
Материалистер құр қиялға нанбайды,
Ленинді оқы, не боларын көрсеңіз!
Жиырма жылдан кейін біздің отанға
Коммунизм күні жайнап ғажайып,
Өлмеген жан жүрсе біздің қатарда,
Жарқырауын көрер бақыт жазы анық.
Миллион жанды, сұлу совет елінің,
Қарапайым перзентінің біріміз,
Еңбек сүйгіш саналы жұрт легінің,
Жиырма жылдан кейін көркін көріңіз!
Әр семья, әрбір адам өмірін
Көркейтеді, кектен жайнап ерке күн.
Кешегімнен тіпті қызық бүгінім,
Бүгінімнен қызығырақ ертеңім.
Сексенге кеп тойымды да тойлаймын,
Коммунизм таңын көріп кенелем.
Бір тамаша жан болар деп ойлаймын,
Сонда титтей Мырзахмет немерем?
Қазір тентек, өзі ерке, үш жаста,
Былдырлаған қызық тіпті мінезі.
Кейде шофер, батыр ұшқыш та
Болам дейді, ерт сөндіргіш бірде өзі.
Коммунизм ғасырында бір үй де
Өртенбейді, болмас мүмкін шофер да,
Сәби шіркін не сезеді бұл күйде,
Ол ертеңін біліп бүгін отыр ма?!
Әкелері, балалары олардың
Қалай қойды коммунизм сарайын.
Бақыты үшін жас өспірім балалардың,
Туғызды олар таңның өшпес арайын.
Бұдан жиырма жылдан кейін ер жетіп,
Мырзахметтер нұрға бөлеп жүрегін,
Елді өмір асуларға өрлетіп,
Мезгіл өзі шарықтатар түлегін.
Кең маңдайлы, иесі үлкен өнердің,
Хош иісті гүлге бөлеп даланы,
Инженері таудың, судың, я жердің
Мырзахметтер болар ғылым маманы...
Осы күнгі біздің титтей Мұхтарлар
Коммунизм дәмін толық тата алар.
Болар нағыз өмір сырын ұққандар,
Коммунизм нағыз ұлы атанар!
Әр ұлттың жаны, қаны бірдей боп,
Күллі адамзат болады онда туысқан,
Шұғыласын бірдей шашқан күндей боп,
Туар мезгіл жұлдызбен де жарысқан.
Әрбір адам өз шамасы келгенше,
Еңбегімен бірін бірі ардақтап,
Ленин атын күндей сүйіп, өлгенше
Әспеттелер адам деген ардақты ат!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің республикам

  • 0
  • 0

Талай ақын сәулетіңді толғаған
Жыр жұлдызы болдың, Қазақстаным,—
Жүректе ел қуанышы ойнаған,
Еркін Отан туын бірге ұстадың!

Толық

Мотор жыры

  • 0
  • 0

Электрлі күшті станок
Найзағайдан от алғам
Тіл үйрендім,
Күй үйрендім,

Толық

Иран бағы

  • 0
  • 0

Уа, Иран бақ, Иран бақ,
Гүлге оранып тұрған бақ,—
Ақынның талай жырына
Ілініп, жүрек сырына

Толық

Қарап көріңіз