Өлең, жыр, ақындар

Менің республикам

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 788
Талай ақын сәулетіңді толғаған
Жыр жұлдызы болдың, Қазақстаным,—
Жүректе ел қуанышы ойнаған,
Еркін Отан туын бірге ұстадың!
Қай қырыңа, қай шоқыңа шықсам да,
Еркелетіп, мені есімде құшқаның!
Аймағыңның қай шетінде жатсам да,
Жырыма арқау болдың, Қазақстаным!
Көз жіберсем толқынына Каспийдің,
Шыңдарына Талғардың, не Алтайдың,—
Көркіңді елім жырласа да тасқынды үн,—
Жеткізе алмай жатқандығын байқадым.
Елім биік көтерді, кең кеудесін,
Отандағы екпінімен өр күштің,
Ильич шамы төкті қырға сәулесін
Көкшіл бұйра толқынынан Ертістің.
Бейбітшілік өмірдің сан солдаты,
Қырға қала орнатты еркін қолымен,
Халқымыздың әлемге әйгі болды аты,
Ленин өзі салып берген жолымен.
О, данышпан партиямыз! Елімді —
Нұрлы жолға өзің бастап нұсқадық.
Жырым менен жүрегімді мейрімді
Тартам саған туған, Қазақстаным.

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңізге

  • 0
  • 0

Қош бол, дарқан тілсіз күш,
Ақырғы рет алдымнан
Жарқырап, орғып көк толқын
Тәкаббар сұлу бұлқынған.

Толық

Нейлон көйлек

  • 0
  • 0

О, туған жер!
Өзіңмен
Өткен жылың сырласың
Өрекпіген сезіммен

Толық

Бұлбұл құс

  • 0
  • 0

Қаршадай-ақ жас
Құрыштың қолымда
Кітап ашық, қағаз-қалам оңында.
Жоқ ед тіпті қараша үйдің базары,

Толық

Қарап көріңіз