Өлең, жыр, ақындар

Иран бағы

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 544
Уа, Иран бақ, Иран бақ,
Гүлге оранып тұрған бақ,—
Ақынның талай жырына
Ілініп, жүрек сырына
Түспеген ең ауыздан.
Көрікті сұлу нұрлы Иран,
Көп жасаған Тегеран,
Алмалы бағың әйгілі
Саағади ақын жырынан...
Құтқаруға аттандық
Сол бақты фашист жауынан.
Бақыттың, бақтың дұшпаны
Халықты бүріп қысқалы —
Жыландай сусып Иранға
Келіп оны ланға
Ұшыратып, талауға,
Елін құлдық бұғауға
Буып ұстап, улауға
Келген еді зымиян,
Оған адам шыдар ма?!
Ираннан бізге өтуге,
Көз тігіп күшті Бакуге,
Азербайжан жерінен,
Түркменстан еліне
Аранын ашып жетуге,—
Асықты жау тура алға!
Шекарадан кіруге.
Қаруланып төнуге,
Біздің темір шепке кеп
Қан тұмсығын көмуге
Жанталасты жебірлер,—-
Аққан алтын мұнайға.
Оғы түгіл фашистің
Көтертпейміз қамшысын,
Мұнай түгіл судың да,
Алдырмаймыз тамшысын!
Тарихқа мәлім кәрі Иран,
Көп жасаған Тегеран
Сізді де, бізді қорғауға,
Әділдікті қолдауға.
Сұңқарлары советтің
Арасын орай жер-көктің,
Сақтауға елді салды ұран!

Күләш Байсейітова, Жамбыл Жабаев, Тайыр Жароков.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаңғышылар

  • 0
  • 0

Аспанның шалқақ айыңдай,
Садақтың иген жағыңдай
Жер жалар төсі иілген
Мұзға жүзіп жүгірген

Толық

Қыз балдағы

  • 0
  • 0

Көк теңізде шомылған
Түнде жұлдыз, күндіз қыз,
Сымбатына сұлу жан
Қарай суда жүрміз біз.

Толық

Қарағаш

  • 0
  • 0

Қара боран өтінде
Тұрған мынау қай ағаш? —
Десем,— тоғай шетінде
Қайыспайтын қарағаш.

Толық

Қарап көріңіз