Өлең, жыр, ақындар

Жеткіншек

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 648
Шілдені түре келген соң
Қоңыр салқын күз лебі,
Көрінер көктен әлден соң,
Қайтқан құстың тізбегі...
Тау мазасыз, жайлауда
Жауған жауын-шашыннан.
Дап-дайын түр жинауға,
Қырманда егін басылған.
Көктен нәубет, жерде еңбек
Берген елдің несібін.
Әне, мектеп кел - кел деп
Ашқан сырлы есігін.
Көбелек қуып, доп ойнап
Жүрген жаздай асыр сап
Екі беті нұр жайнап,
Оқуға бармақ жас ұрпақ.
Айдары желге желкілдеп,
Жеті жасар жеткіншек,
Мойылдай көзі мөлтілдеп,
Мектепке де жетті інішек.
Нәр алған таңның нұрынан,
Жетіп оқу жасына,
Түңғыш рет тұр ұлан,
Оқимын деп асыға.
Сақтап кітап, дәптерін
Қарындашын, қаламын,
Тұрған күтіп мектебін
Кім сүймес ұлан талабын.
Түңғыш шаттық емес пе,
Мектепке түсу балаға.
Қуанышым демес пе
Мұны әке мен ана да.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зерен, де ерен

  • 0
  • 0

Зерен де ерен – бір тума,
Маңдайлы, маңғаз марқасқа,
Қалды ізің өшпес жұртыңда
Өзіңнің орның бір басқа.

Толық

Ермекке

  • 0
  • 0

Ақау керім дегенге Ақау керім
Күндемеңдер дауысым баяу болса,
Достар өлең сұраса мен не дерім,
Бізге қалған бір өлең жаяу Мұса.

Толық

Сөнбес жарық

  • 0
  • 0

Күн шықпай ма орнынан?
Таң арайлап атқанда,
Оны сөнді дер ме адам,
Көкжиекке батқанда

Толық

Қарап көріңіз