Өлең, жыр, ақындар

Күз

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1005
Көтеріле, аспандай,
Көкте сұрша бұлт кешіп;
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.
Қайың, терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ,
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрсе тек қалтырап...
Тау басына бусанып
Бозғыл тұман оралып;
Сарқырап ағып шу салып,
Өзені мың бұралып;
Мәуе пісіп балбырап
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан көріңіз.
Беті қызыл алмадай
Балаларды ойнаған,
Анасында аймалай,
Мектебі түр қол бұлғаған.
Жерде жазғы жайқалған,
Орып болып егінін.
Көз жіберсең байқалған,
Көңілді ел бүгін.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын ұя

  • 0
  • 0

Бойшаң біткен бәйтеректі,
Я, шатқалаң шыңды тасты
Мекен етіп ұя салған
Көруші ем мен қарлығашты.

Толық

Жырым

  • 0
  • 0

Әр жырымда бір жаз бар,
Гүл шашады, күледі.
Әр сөзімде бір саз бар,
Сүйініш оның тірегі.

Толық

Дауылпаз

  • 0
  • 0

Ой құйыны үйіріліп,
Көк алмастай суырылып,
Қаламы қылыш жарқылдап
Сұңқардай даусы саңқылдап.

Толық

Қарап көріңіз