Өлең, жыр, ақындар

Жырым

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 313
Әр жырымда бір жаз бар,
Гүл шашады, күледі.
Әр сөзімде бір саз бар,
Сүйініш оның тірегі.
Әр жырымда бір әуез,
Қанаттанып ұшады.
Еңбек ері қыздардың,
Қыпша белін құшады.
Тұрағы аспан «періште»,
«Қор қызын» мен білмеймін.
Ескіні аңсап, емеуреп,
Қайғырып, жүрек тілмеймін.
Көктегі ай мен жұлдыздар,
Маған қабақ қақпасын.
Жерде бар еңбек аруы,
«Қор қызы» басым шатпасын.
Жүрегімде жақсы үміт
Оттай лаулап, жайнайды.
Айналам менің гүл, шешек,
Наз бұралып ойнайды.
Бақыттың – тәтті шырыны,
Мұң таппайсың жырымнан.
Ленин жолы – өз жолым,
Ол жолдан еш бұрылман.
Бостандық, теңдік елінде
Шаттанам, гүл теремін.
Езілген елге нұр шашып,
Құшағын достық керемін.
Күннің алтын сәулесі,
Жан, сезімді билейді.
Жаңа өмірдің – жаңа елі,
Жаныңмен сүюді тілейді.
Әр жырымда бір әуез,
Қанаттанып ұшады.
Әр жырымда бір жаз бар,
Көңілім гүл құшады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыр бораны

  • 0
  • 0

Бет қаратпай өткенді
Қарды боран сапырып,
Ысқырып жел, көктемді
Тұрғандай нақ шақырып!

Толық

Алтын ұя

  • 0
  • 0

Бойшаң біткен бәйтеректі,
Я, шатқалаң шыңды тасты
Мекен етіп ұя салған
Көруші ем мен қарлығашты.

Толық

Ай үстінде жұлдызым

  • 0
  • 0

Ел аңызы естегі:
«Айға ғашық Зура қыз
Ұшып барып, деуші еді —
Бола қалған бір жұлдыз...

Толық

Қарап көріңіз