Өлең, жыр, ақындар

Мәшһүр Жүсіп атама арнау

"Бісміллә" деп сөз бастайын атам жайлы,
Артына зор із қалдырған адам жайлы.
Дүниенің бес қымбатын өлең еткен,
Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп дана жайлы.

Шыққан сонау Баянаула баурайынан,
Жетпіс үште кетті о дүние сарайына.
Осынау ұлы жолға бет бұруы,
Бейімі еді өлең-сөзге жастайынан.

Бұл дүние бастау алар иманнан деп,
"Құдайшылық" мұсылманға тән қасиет..
"Иман шартын білмесе, есен" - деген
Мәшһүр атам сөздеріне басымды ием.

Ақыл қымбат, сабыр қымбат, қымбат әдеп,
Қымбат адам өмірінде шүкір және.
Тәрбиелік мәні шексіз өлеңдерін,
Түйіп алсын самайына бүкіл әлем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер