Өлең, жыр, ақындар

Миллион толқын

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 465
(екінші варианты)

Мың-мың қолдар, миллион милар,
Милар миллион қимылда,
Миллион толқын,
Толқын миллион
Толқындата
Қимылда!
Миллион ерім, майдан төрін
Солқылдата қимылда:
Біздің нұрлы
Қызыл туды
Толқындата
Қимылда!
Елде майдан, жерде майдан,
Алтын алқап өрісім,
Қырдан орған,—
Қырман толған —
Інжу-маржан
Егісім.
Ұлы Отанға тиген жауды,
Тиген жауды құртамыз;
Танкі мініп,
Таңнан өріп,
Тау жебелей
Жортамыз!
Күміс қанат самолетті,
Самолетті ұшырып!
Тартынбаймыз,
Жарқылдаймыз!
Жауға оқтан
Жәй түсіріп.
Жауды атамыз, қиратамыз,
Снайперше сығалап,
Дұшпанға ажал,
Көрді қазар —
Біздің күшті
Снаряд!
Қоздап аққан, жауды атқан
Біздің құрыш қорғасын!
Аттан халық,
Талқандалық! —
Фашизмнің
Ордасын!

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдағы өмірде

  • 0
  • 0

Бүгін жыл мың тоғыз жүз алпыс екі,
Қиырсыз алда жатыр өмір шеті.
Келеді бірден бірге қолға ұсталып,
Тас сараң табиғаттың болат кілті.

Толық

Дауылда туған

  • 0
  • 0

Аласапыран дауылда,
Долдана қарсы жалынға
Қос қанатын от шарпи,
Өршісе де шын шалқи

Толық

Көктем мерекесі

  • 0
  • 0

Даланың ерке көктем гүлі түлеп,
Тағынып көк жапырақ сылқым терек.
Кеп-кеше осы майдың салютіндей
Қақты алғаш жаз дабылын күн күркіреп!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар