Өлең, жыр, ақындар

Көктем мерекесі

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 537
Даланың ерке көктем гүлі түлеп,
Тағынып көк жапырақ сылқым терек.
Кеп-кеше осы майдың салютіндей
Қақты алғаш жаз дабылын күн күркіреп!
Күннің сол күркірінен жер жадырап,
Бауырында жер-ананың дән балбырап,
Тыңдарда жасыл лента тартты желі,
Жондарда мал маңырап, төл жамырап...
Туатын миллиард пұт дән даласы
Айқара ашқан төсін айға қарап!
Бусанып бүйірінен жатыр жондар,
Қанатын қиыры жоқ жайған алап...
Майдың бұл мерекесін кәрі-жасым,
Тойлауда, менің де сан тұрғыласым,
Төрінде гүл бағының көрсең кәзір
Лениннің мраморлы ер тұлғасын.
Тұрғандай өзі ашып май парадын
Елді алға баурап, созып он, құлашын,
Осы шат жаз мейрамын қоштағандай
Шарқ ұрған көлінде аққу, қырда лашын!..
Көзімен шолып бейне кесем елді,
Құттықтап өскен елді — өсер елді,
Риза болғандай ол кең алаңнан
Өткізді не маманды, не шеберді...
Көргенде дананың сол ескерткішің
— Ленин! — деп ел рухы өсе берді!..
Оң қолын созған қалпы қалды ескерткіш
Тұрғандай тыңдап өзі осы өлеңді!

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұтқын

  • 0
  • 0

Ашшы менің түнімді
Берші жарық күнімді,
Қара жал жүйрік атпенен,
Қара көз бұраң сұлуды!

Толық

Гагра

  • 0
  • 0

Аясын кең Абхаздың
Ашып теңіз жарына,
Бұлт түндігін шат-құздың
Түрген таулы Гагра.

Толық

Қарқын

  • 0
  • 0

Қыж-қыж қайнап, колхозды елім қырлықтан.
Қақ айырып қыр қыртысын қиратқан.
Толып кеткен жүзі жайнап жалшылар,
Трактордай тұлпарларын тулатқан.

Толық

Қарап көріңіз