Өлең, жыр, ақындар

Қыз балдағы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 354
Көк теңізде шомылған
Түнде жұлдыз, күндіз қыз,
Сымбатына сұлу жан
Қарай суда жүрміз біз.
Кезімде бір үңілген
Көз отымен су сүзіп,
Жатқан теңіз түбінен
Таптым алтын бір жүзік.
Суға батып жоғалған
Қай сұлудың балдағы
Болды екен? – деп, таң қалған
Тұрдым ойда мен дағы.
Бұл жүзікті киді екен
Қай сұлудың саусағы?
Қай жігіт сыйға берді екен, –
Ауып қызға аңсары?..
Су түбіне жоғалған
Қыз балдағын іздер ме?
Жоғалғанын таба алған
Не сыйлар ед біздерге?!
Жүрсе қыздар аулақта:
– Бейқам болма, қалаулым! –
Балдағыңды жоғалтпа,
Дер едім мен, – аяулым!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Олар – терек түбінде

  • 0
  • 0

Бәйтерек тұр жапырағын
Сырға дайын тізілтіп ап,
Құстар шырқап жатыр әнін
Сыбызғыдай үзілтіп-ақ.

Толық

Сауатыңды аш

  • 0
  • 0

Ғасыр бойы тұман басқан,
Мұңдыларды мұнар басқан,
Жұмысшы тап теңдік алып,
Көзін ашқан, ұрандасқан!

Толық

Еліктей ме ақынға

  • 0
  • 0

Еліктей ме ақынға,
Еркелейді толқын көк,
Толқыннан қалар ақын ба,
Ақын да кетті толқын боп...

Толық

Қарап көріңіз