Өлең, жыр, ақындар

Жарымай қалғыр

Ортасынан қалыспас,
Билікке де налымас,
Өзімен де алыспас,
Өлтіруден тайынбас.
Жығылып та жалынбас,
Жанына жан жуымас,
Жүрегі мұздап суымас,
Сүйгенде де бағынбас.
Терең ойға салынбас,
Мұңға батып азымас,
Зорға жазған өлеңің,
Қабіріңде жазылмас.
Күшеніп жазған өлеңін,
Енді қайта алдыртпас,
Солай болған күнде де,
Ақын болып жарытпас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз