Өлең, жыр, ақындар

Жыр

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 349
(Гейнеден)

О, бойжеткен таза қыз
— Нұры көркем сезімнің;
Арнар едім болсам кез
Өмірімді өзімнің.
Ай сәулесі ойнаған
Сенің мөлдір көзіңнен,
Жалынды жастық жайнаған
Нарттай қызыл жүзіңнен.
Тізіліп түр қаз-қатар
Меруерттей тісің де,
Бәрінен артық көз тартар
Асылдан асыл төсің де.
Артық туған перизат,
Шаққа сені көргем мен;
Бой билеген махаббат
Бірінші рет көргеннен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шүйінші

  • 0
  • 0

Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға - баламыз,

Толық

Үйірім

  • 0
  • 0

Бір сұлу қыз жалғыз өзі шомылып,
Айлы түнде суға түсті, жылғада,
Аққудайын жүзіп,
құлаш суға ұрып,

Толық

Жолдағы ой

  • 0
  • 0

Түйді дағы ойларын: —
«Елсің қазақ көшпелі!»
Деді — «Менің арманым:
Жаңарып ел өскені!

Толық

Қарап көріңіз