Өлең, жыр, ақындар

Жолдағы ой

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 425
Түйді дағы ойларын: —
«Елсің қазақ көшпелі!»
Деді — «Менің арманым:
Жаңарып ел өскені!
Бұл көшпелі қалыптан
Арылғанын көз көрер,
Туар алда жарық таң —
Ел жаңарып өзгерер?».
Деген оның ойының
Ұшқыны мәңгі сөнер ме?!.
Сөнбейді. Бөгер жолын кім? —
Келіп қалды Семейге.
Ертеңіне мен көрдім
Абайды ойлы пішінде,
Қаласында Семейдің
Кітапхана ішінде.
Көз жүгіртіп тұрды ақын
Кітаптарға толған мың,
Жаны толы жырға тым,—
Ортасында томдардың.
Ойлап тұрсам осыған
Жарты ғасыр өтіпті.
Ел қолы да ұсынған
Бақытына жетіпті!
Бүгін кітапхананы
Көрсең толған талай мың,—
Бірі боп кітап қалаулы —
Томы тұр өшпес Абайдың!

1954



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңе ұқсас

  • 0
  • 0

Жас қайыңның тізілген
Бүршік атып өзегі
Секілді жас қыз киген
Шыт көйлектің безегі.

Толық

Адам ұшты космосқа

  • 0
  • 0

Аспан, аспан, көк аспан!
Сенен биік кім асқан?
Жерді айнала кім ұшқан,
Күнге құшақ кім ашқан?

Толық

Кавказ

  • 0
  • 0

Таудан тауға бұлт оралған,
Қайғы, зардан қан ағылған,
Баста-ақ жиһан Прометейін
Бүріп қыран ойрандаған,

Толық

Қарап көріңіз