Өлең, жыр, ақындар

Ленин құрылыста

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 205
Жиһаннан да ұлы болып
Туған қандай ұлы күш?!
Миллионнан
Туған Ленин Владимир Ильич!
Ленин туды; Ленин келді,
Ленин келді дүниеге.
Ленин келді, Ленин өлді,
Ленин болмақ Дүниеде!
Ленин ұста, Ленин нұсқа.
Ленин тірі — тұрмыста.
Құрылысқа, Ленин нұсқа.
Ленин тірі!.. Құрылыста.
Ленин елді, Ленин тірі.
Ленин туды, Ленин тұрды...
Ленин өлді, көмілді.
Ленин есте, Ленин істе
— Ленин күште — Тірілді!
Ленин елді... Бірақ тірі,
Ұрпағы алға тартты лек!
— Ленин Деген
Миллиондаған Иелері
Парт билет!
Өзі өмірден кетті бірақ
Бейнесі өшпес көңілде, Оның ісі,
Оның күші
— Мәңгі тірі Өмірде.
Ленин туды, Ленин келді...
Ленин келді дүниеге.
Ленин келді, Ленин өлді...
Ленин болмақ — Дүниеде!

1931



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тезірек көргім келеді

  • 0
  • 0

Бүгінгі бір көз көрген
Нарын құмын жырладым,
Кезіңде ертең өзгерген
Баспас қайта жырға кім.

Толық

Сенің жырың, Тоқтағұл

  • 0
  • 0

Кітабыңды оқыдым,
Жырларыңды жаттадым,
Ұнатып сөзің нұсқасын
«Тоқтағұл» деп мақтадым.

Толық

Мыс құямыз тамағына

  • 0
  • 0

Батпан қолды ерлер күшті,
Құрып құрыш құрылысты,
Көл Балқаштай көлкітті, әне,
Жауға ажал ғып, қызыл мысты.

Толық

Қарап көріңіз