Өлең, жыр, ақындар

Тәңірді қайда деген сұраққа

Пайғамбары не кітабы жоқ,
Ел ішіне ылаң салады көп,
Қастығын қоса ойлаған
Бақсылар дейді шаруасы көп.

Көкейінде сұрақ-сауалы көп,
Таласы бар да, айғағы жоқ,
Тәңірді қайда деген сұраққа
Сұқ саусағын нұсқайды - Көк!

Түрікті бүгін тәңіршіл деген
Насихатшыл исламшыл көп.
Сөздің төркінін жеткізбеген
Исламда неге тәржіма жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар