Өлең, жыр, ақындар

Тезірек көргім келеді

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 603
Бүгінгі бір көз көрген
Нарын құмын жырладым,
Кезіңде ертең өзгерген
Баспас қайта жырға кім.
Бүгінгі құм суретін
Ұмытып, күндер келелі,
Келешек сұлу келбетін
Тезірек көргім келеді.
Мұнда сусыз сазарған
Сараң аспан, сары құм,
Сарқырап ағар сайлардан
Өзені жоқ, жары құм.
Адам қолы бірақ та,
Жайықтан, не Волгадан
Толқын төкпей тұрмақ па,
Көл жасауға Ордадан?!
Не бұл құмға қақсыған
Толқындар жер астымен
Келер, бәлкім, шапшыған
Көгала бұйра Каспийден?!
Ертең-ақ сары құмдарға
Сарқырап өзен келеді,
Ысырып тастап құмды
Орда Теңізге құлаш кереді.
Көңілім соны ақсауда,
Теңізін алда көрермін,
Ордаға бір күн мен сонда
Кемемен жүзіп келермін!
Сонда жолдас-жараным
Теңізден мені қарсы алар,
Кеменің қызыл жалауын
Жырларым шырқап жар салар.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зерен, де ерен

  • 0
  • 0

Зерен де ерен – бір тума,
Маңдайлы, маңғаз марқасқа,
Қалды ізің өшпес жұртыңда
Өзіңнің орның бір басқа.

Толық

Тас талшығы

  • 0
  • 0

Әрлеп өнер асқан сайын
Күн сайын мен күшке кірдім,
Үгіп алып тас талшығын,
Жібек тоқып үске кидім.

Толық

Сенің жырың, Тоқтағұл

  • 0
  • 0

Кітабыңды оқыдым,
Жырларыңды жаттадым,
Ұнатып сөзің нұсқасын
«Тоқтағұл» деп мақтадым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар