Өлең, жыр, ақындар

Мен Октябрь ұлымын

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 322
Қараңғы ащы тұрмыстан,
Қиындық көріп ығысқан,
Құл боп, күң боп жалынып,
Бай табына туыстан.
Тұрғанда қор боп, Октябрь
Таңы атқан шығыстан.
Мен Октябрь ұлымын.
Борсық қысып жанымды,
Сүліктей сорып қанымды,
Тек мен емес езді ғой,
Еңбекші, жалшы табымды,
Табыммен мені теңелткен
Октябрь атқан таңымды,
Мен Октябрь ұлымын.
Екпінді еңбек дуым бар,
Жер жаңғыртқан шуым бар,
Атқан оққа құламас,
Қырмызы қызыл туым бар,
Күлкім күндей, бұрқансам
— Тас балқытар буым бар.
Мен Октябрь ұлымын.
Нашарды бұрын көретін
Қолым ұшын беретін;
Коммунизм ұрығын
Еңбекші елге себетін,
Кедейшіл коминтерннің
Туы астында жүретін,
Мен Октябрь ұлымын.

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматы қысы

  • 0
  • 0

Қысың қызық, Алматы,
Ұқсас көктем, не күзге,
Қалмай кейде қар даты
Ерісе, көктем дерміз бе?

Толық

Жалатқандай күміспен

  • 0
  • 0

Дала ақша қар бүліспен,
Жалатқандай күміспен
Жерімнің
Бауырында ай жүзіп,

Толық

Суық қолға сұқтырма

  • 0
  • 0

Қой терісін жамылып,
Бөлтірігі қасқырдың
Арадан қалса табылып.
Тапжылдырмай басқа ұрғын.

Толық

Қарап көріңіз