Өлең, жыр, ақындар

Жалатқандай күміспен

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 470
Дала ақша қар бүліспен,
Жалатқандай күміспен
Жерімнің
Бауырында ай жүзіп,
Ақ жібек тақ белдеуі,
Шапағын
Шашты күміс шұғыла;
Шұғыладай шұғыл жұмыла
Қатарын
Ерлер қаулатты,
Өндіріс күшін заулатты,
Жырламай қалай
Жатамын?
Тұлпарды болат секіртіп,
Миллион күшін жетілтіп
Таңында
Алтынды айдай қалқытып,
Болатты балдай балқытып
Жалынға,
Шалқыған жалынды алуан
Балқытқан болат балуан
Ақ жібек таңның
Жазында.
Осы алуан жырларын,
Еңбегінің сырларын
Нотамен
Музыкаға жырлатам,
Жер жүзіне тыңдатам
Қалпымен;
Неге десең, ұланым,
Байланысты бұл әнім
Нұрлы Октябрь
Атымен.
Колхоздағы қара көз,
Әніме, әнің қосшы тез,
Сұлуым;
Жайлай жүріп малыңды,
Салған естіп әніңді
Бауырың
— Балқысын, аяз етіңді,
Алмадай қып бетіңді,
Сүйсе де артсын
Жылуың!..
Шырқатылған өлеңнің,
Ширатылған денеңнің
Отымен
Қызсын еңбек майданы;
Соны сүйген мендағы
Ақын ем;
Бұл әнді ыстық сүй, жаным,
Неге десең бұл әнім
Нұрлы Октябрь
Атымен.
Дала ақша қар бүліспен,
Жалатқандай күміспен
Жерімнің
Бауырында ай жүзіп,
Сауырында күн қызып
Дөңімнің,
Құланиек қиядан
Таңына атқан қуанам,
Нұрына туған
Елімнің.

1935



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мақаш қала

  • 0
  • 0

Поезбенен біз өткенде
Дағыстанның жерінен,
Күміс Каспий құшақ жайды
Мақашқала өрінен.

Толық

Ағалар

  • 0
  • 0

Бізде асыл ағалар бар
Ініні сыйлайтұғын.
Әр түрлі бағалар бар,
Кейде ойға сыймайтұғын.

Толық

Греция

  • 0
  • 0

Әлемге,
Греция, алыстағы.
Сұлулық бесігі едің —
Сен бастағы!

Толық

Қарап көріңіз