Өлең, жыр, ақындар

Алматы қысы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 546
Қысың қызық, Алматы,
Ұқсас көктем, не күзге,
Қалмай кейде қар даты
Ерісе, көктем дерміз бе?
Бірде сұрғылт аспаннан
Жапалақтап қар жауса,—
Түтіп мақта шашқаннан,
Не дер едік,— аумаса? —
Сырғанауға, жүгірген
Жастар шықса шаңғы алып,
Қас қаққанша еріген
Қарға — тұрар таңғалып.
Бірде салқын, бір жылы
Мінезіндей ерке қыз,
Табиғаттың шолжыңы
Сырыңды қалай шертеміз?
Қызықсың-ау, Алматым,
Күндіз жылы, кеш суық,
Болжап ауа алды-артын
Болар емес кісі ұғып.
Басың боран, Алатау,
Төсің тұман, ойың жаз,
Сонда да жаным жаратты-ау
Ауаң да бір жатқан наз...
Тау көзге ілмес өзгені,
Жартасы бұлт құшақтап,
Өлең жазар кездегі
Өзімізге ұқсап нақ.
Тауың да бір тұңғиық,
Байқай алмай отырмын,
Бейнесіндей тұр ұйып
Шомған ойға ақынның.

1953



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақстан

  • 0
  • 0

Бір кездерде...
Түнек басқан Қазақстан,
Бұл күндерде ол ойнаған дауыстан!
Жаңарып жер,

Толық

Тек таңғала қарайды

  • 0
  • 0

Жапырақ жұлып жаутаңдап,
Тәкаппарсып түйелер,
Жүр жатуға жай таңдап,
Емес құмға үйелер.

Толық

Жаңа әріп

  • 0
  • 0

Жаңа әріп,
Жаңаланып,
Шықты жаңа өмірде
Түр бергендей,

Толық

Қарап көріңіз