Өлең, жыр, ақындар

Сәлем саған, туған жер!

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 778
Ұштың, Валя, зуылдай,
Шарлап аспан жұлдызын,
Бұрқырап алтын құйындай
Бұлыңғыр көкте қалды ізің.
Жалын атқан бетіңнен
Жігеріңді аңғарам,
Көкті самғап өтумен
Ерлігіңе таң қалам.
Оттан қайтпай соғып бір
Өр жүрегі орыстың, –
Көкке ұшқанын шолып тұр
Басқан адам жер үстін.
Шырқап ұшқан Еділдің
Шағаласы секілді.
Кезіме ыстық көріндің,
Сезімім де серпілді!
Көк майсалы даламнан
Көтеріле самғадың.
Граниттен құяр жан
Ер бейнеңді, саңлағым.
Жарқырап кеп жұлдыздай
Жүрегіне адамның
Жылу бердің жыр қозғай,
Жырдан қанат тағармын.
Россия елінің
Солдатының қызысың,
Таңыңда алтын Лениннің
Құс боп ұштың біз үшін!
Аңызға да айналар
Өзін киген дулыға.
Сендей ер қыз қайда бар,
Көкте ойнаған құйыла.
Өзің ұшқан көк түстес
Көйлегің де көкпеңбек,
Жаның жанған от түстес,
Қондың жерге көктен кеп.
Бәлкім, киген көйлегің
Жаздың жасыл гүліне
Ұқсас, бәлкім, я – оның
Тыңда піскен егінге.
Көктен жерге қонды қыз,
– Сәлем! Туған жер-ана!
Қол шапақтап енді біз
Қызыңды өптік, көр ана!
Жерге аяғын қыз басты
Күн нұрына шомыла,
Шаттық шыңға, құзға асты,
Шашты күн де шұғыла!
Қуанышы қалықтап
Қолда ойнап қыз іңкәрі,
Ұшты үстінде шарықтап
Жаздың сұлу сұңқары.
Валентина! Валяжан!
Көрдің туған даланы,
Құшақ жайды алдыңнан
Кремльдің сарайы.
Кремльдің жанынан
Ұл-қыздарын қанатты
Құшаққа алып сағынған
Жер-ананың таңы атты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Октябрь

  • 0
  • 0

Волга менен Эльбаның
Бойларын біз басқанда,
Кавказ бенен Карпаттың
Тауларын біз асқанда.

Толық

Коммунизм таңында

  • 0
  • 0

Қақ, барабан, қақ, барабан, дабыл қақ!
Соқ, сигнал, саңқылдата күйің тарт!
Күшті майдан
Істе майдан.

Толық

Алғыс

  • 0
  • 0

Шың шоқысы көкке тиіп,
Аясында ойнап киік,
Қырғыз тауының атасындай
Сұңқар ұя тұрған биік.

Толық

Қарап көріңіз