Өлең, жыр, ақындар

Алғыс

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1211
Шың шоқысы көкке тиіп,
Аясында ойнап киік,
Қырғыз тауының атасындай
Сұңқар ұя тұрған биік.
Жоқ, ол –
Асқан партияға
Алғыс айтад басын иіп.
Бестаспенен жымыңдасып
Маңдайынан күн нұр шашып.
Бүкіл жердің анасындай
Кең көл тұрад қойнын ашып.
Ол да ұлы партияға
Басын иед алғыс айтып.
Асау тайдай сайда мөңкіп
Кейде шалқып, кейде көлкіп,
Кәрі Талас тынбай аққан,
Шаттық, жастық күшін шертіп,
Партияға бұ да алғыс
Айтып жатыр, қанат серпіп!
Алғыс айтып туған елге
Компартия кемеңгерге,
Тотыдайын құлпындырып,
Бөлендірген қырды гүлге,
Елсіз сайға ел қондырып
Елге сұлу сән бергенге.
Сұңқар ұя басын иіп,
Шыңның басын ай, күн сүйіп,
Кең кел қойнын ашса кеңге
Маңдайынан бақыт күліп
Ерке Талас жырға шырқап,
Елге ырысын тұр ұсынып.
Айдың аты – партия,
Күннің аты – партия!
Күліп тұрған нұрлы бақыт
Ел қанаты партия!
Жыршы соның қуанышы,
Оның күші — партия!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шопан мен әжесі

  • 0
  • 0

Көктемгі аспан көнегінен,
Құйды жаңбыр, құйды жаңбыр!
Өткізген бұлт елегінен
Күміс тамшы сүйді балдыр.

Толық

Гүлге

  • 0
  • 0

Әдемісің бұлбұлдай, қызыл гүлім,
Қонайын деп мен саған келдім бүгін.
Жүрегімді толқытқан сенің өзің,
Сәуле шашқан сен үшін нұрлы күнім.

Толық

Тракторшы Николай

  • 0
  • 0

Жаңа келген Кубаньнан
Тракторшы Николай,
Еңбегін ел құп алған,
Көтеріпті тың талай!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер