Өлең, жыр, ақындар

Октябрь

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 448
Волга менен Эльбаның
Бойларын біз басқанда,
Кавказ бенен Карпаттың
Тауларын біз асқанда.
Біздің ер жаумен күресті,
Күресте жаулар жығылды,
Жау босқа қан төгісті,
Жүр екен білмей сырымды.
Жиырма сегіз жыл жасап,
Жігіт болған кезеңің
Қастасқанды күл жасап,
Қолыңнан қыйдың өзегін!..
Жау – көбелек, – біздерді
Кездестірдің білместен,
Ерлікті біздің кез көрді,
Атомды бомбаң келмес тең.
Бас иген Берлин у да шу,
Фашистер өліп жер қапты.
Порт-Артурда қызыл ту,
Жайнады шолып жан-жақты!
Қызыл ту, даңқың өрге өрлеп,
Желбірей берсін желегің!
Әлемде мұңды жан да көп,
Сол тудан күтсін керегін.
Кетпеген қысы көп жер бар,
Жаз туса қыс ұмытылар,
Сол қыста тоңған көп ел бар,
Жаз туған жаққа ұмтылар.
Жойған елден шерлерді
Жұлдызы бақыт шам-шырақ,
Күн көзі түспес жерлерді
Жайнатқан нұры шашырап...
Көшсе де бұлт ойқастап,
Тұңғиық шексіз аспанда
Қарсы боп қандай тау тоспақ
Сәулесін бақыт шашқанда?!
Шаңқай түскі күн нұры
Нұрына бақыт тең емес.
Гүлді бақтың бұлбұлы
Сені ешкімге теңемес!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түскі демалыс

  • 0
  • 0

Ішкен соң түскі тамағын,
Демалуға әрдайым,
Төсегі әр баланың
Шатырында дап-дайын.

Толық

Хош келіпсіз!

  • 0
  • 0

Шырын тілді бұлбұлдары өзбектің,
Келіпсіздер ұшып көктем шағында,
Аңсай күтіп жолыңызды күзеттім,
Сайра, сайра, – менің алма бағымда!

Толық

Аспаны да аласа

  • 0
  • 0

Құмның, көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ құламай күн құмға
Тұрғандай-ақ қарасаң.

Толық

Қарап көріңіз