Өлең, жыр, ақындар

Ертеңім

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 277
Атқан таңның жүзді елім
Арайына арналы
Алды бақыт ізгі елім,
Алақанда арманы.
Алатаудың шыңынан
Айға қолын сермеген,
Аймағымнан сыр ұғам,
Алға өмірі өрлеген!
Сәулеттене ұрпағым
Самғай өсті сатылап,
Серпіп қанат тұр тағы,
Сатылардан сатыны ап.
Бұған кепіл – жол сызған
Болашаққа батыл кеп, –
Жарығырақ жұлдыздан –
Партиялық документ.
Партиямыз жаңа бір
Сызды жолды тағы алға,
Керем содан жаңа өмір
Біздің күллі адамға.
Сол адамның бірі өзім,
Ертеңгі атар таңыма
Жедел жетер тұр кезім,
Міндетім қанша тағы да!
Сонда менің сыбағам
Тегін тағам, жатар үй,
Бүгінгідей сұраман
Ешкімнен де пәтер үй!
Ол үшін керек күшті еңбек,
Ол үшін керек аянбау,
Ол өзі көктен түсер деп,
Болмайды бізге аялдау.
Ол үшін қажет ұжымдық,
Ол үшін қажет ақыл-ой,
Жүректе отты қызулық,
Темірдей тәртіп, тартымды ой.
Ол үшін шыңдай түселік
Коммунистік сананы,
Ол үшін тыңдай түселік
Партия – асыл ананы!
Жарқырайды алдымнан
Коммунистік ертеңім,
Жолымен соның салынған
Жырымды мен де шертемін!
Табиғаттан, космостан
Алынар алашағымыз,
Алдымда тұр көп тосқан
Аялы болашағымыз!
Көрсететін нұр жүзін
Көрікті коммунизмнің
Осы еді күткен жұлдызы
Арманы елдің, өзіңнің.
Мақтанып бұған мен бүгін,
Өзімді нақ бел буған
Коммунизм елінің
Солдатымын деп ұғам!

1961



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қош бол, теңіз

  • 0
  • 0

Қош бол, енді көргенше,
Көгала толқын кек теңіз!
Қайта оралып келгенше, –
Бізді ұмытып кетпеңіз!

Толық

Костер басындағы әңгіме

  • 0
  • 0

Түнгі аспанның төсінде
Дөп-дөңгелек ай жүзіп,
Көкала бұлттың үстінде,
Жарқырады жай жүзіп.

Толық

Жапанда жалғыз қарағай

  • 0
  • 0

Көз ұшында көгеріп
Жапанда жалғыз қарағай,
Түр түнеріп не көріп,
Жан-жағына қарамай?!

Толық

Қарап көріңіз