Өлең, жыр, ақындар

Қош бол, теңіз

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 384
Қош бол, енді көргенше,
Көгала толқын кек теңіз!
Қайта оралып келгенше, –
Бізді ұмытып кетпеңіз!
Саған құшақ мен аштым,
Сен де сүйдің құшақтап,
Толқыныңа жыр шаштым,
Кейде езіңе ұсап қап!
О, көк теңіз,
көк теңіз!
Қараса көз қимастай,
Толқындарың көп теңіз, –
Бір Кавказға сыймастай.
Еліме алып кетер ем,
Құшағыма сыймайсың,
Алматыма төтеден
Неге толқын құймайсың?!
Қарлы Алатау басына
Бұлт ұшады таласып,
Сен келсең бір қасына
Жатар едің жарасып!
Шыңы күміс тауыма
Келсең көшіп,
көк теңіз,
Көркіңді еркін тағы да
Көтерер ек көкке біз.
Бәлкім, бір кез келерсің,
Келмес саған тау көшіп!
Мүмкін,
тізгін берерсің
Елге ержеткен таңда өсіп.
Қош бол, енді кергенше,
Көгала толқын, көк теңіз!
Қайта оралып келгенше,
Бізді ұмытып кетпеңіз!

1961



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аурудан соң

  • 0
  • 0

Айықтым мен, айлар бойы басымнан
Торлап тұрған тұман түні сөгілді.
Маңдай терім, таң алдында шашылған
Бейне мөлдір шық секілді көрінді.

Толық

Алтын ұя

  • 0
  • 0

Бойшаң біткен бәйтеректі,
Я, шатқалаң шыңды тасты
Мекен етіп ұя салған
Көруші ем мен қарлығашты.

Толық

Ақын Әбуге

  • 0
  • 0

Әбеке! — Жанға жайлы әр лебізің.
Жып-жылы жақсы жырдай бар мінезің!
Ақындық, мейірбандық жүрегіңді —
Әрқашан сол қалпында қалдыр өзің.

Толық

Қарап көріңіз