Өлең, жыр, ақындар

Қарт қорған

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 343
Гаграның біп-биік
Көрдің бе ескі қорғанын,
Жарына сан оқ тиіп
Шежіре боп тұрғанын?..
Кезіндегі – Бестужев
Таудағы ескі қарт қорған,
Талай майдан кешкен жұрт
Ізі осында деп тұрған...
Бір кез грек, я түрік
Оқ атып үй жарына,
Бір жығылып, бір тұрып,
Не көрмеген Гагра?!
Құмырамен су алып
Жүрген сонда сан сұлу
Өткен шығар сұрланып,
Көріп талай жаншылу...
Ертегідей ескіріп,
Ол аңыз боп дабыра...
Ертеңгілік, кешкілік
Тұр бүгін шат Гагра.
Бұрыны мен, бүгінін,
Туар күпін ертеңгі, –
Құлағына құйып үн
Теңіз жыры шертеді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлт үрікті

  • 0
  • 0

Шуағы мол, күн отты,
Бітіп айы көктемнің,
Ойды, қырды түлетті,
Жаңбыр күтпес көктен кім?

Толық

Жеткіншек

  • 0
  • 0

Шілдені түре келген соң
Қоңыр салқын күз лебі,
Көрінер көктен әлден соң,
Қайтқан құстың тізбегі...

Толық

Көктем мерекесі

  • 0
  • 0

Даланың ерке көктем гүлі түлеп,
Тағынып көк жапырақ сылқым терек.
Кеп-кеше осы майдың салютіндей
Қақты алғаш жаз дабылын күн күркіреп!

Толық

Қарап көріңіз