Өлең, жыр, ақындар

Демьян Бедныйдың зиратының басында

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 198
Николай Сидоренкодан

Қызықтырар ерлігің
Жұрттың әлі ойында,
Жырында ерлік еліңнің
Ұранды үнің бойында.
Жалынымен жырыңның
Ерлер майдан жолында
Антантаны иледі,
Найза ұшына түйреді!
Көктемнің түскі шағы бұл
Зиратыңның басында
Оқушы да салған гүл,
Замандасың досың да.
Гранит тас құлыптап
Жауып қабір дөңдерін,
Жатыр ақын ұйықтап,
Алып мәңгі ол демін.
Күн нұр құйып шуақты
Құшқан зират жиегін,
Қарап тұрсаң, сияқты
Бейне, өмірде жоқ өлім.
Жырыңның отты жолдарын
Суыта алмады мезгіл де,
Жылдарыңның жорғағын
Жалғай кеттік біздер де.
Жыр жолы иін тіресіп
Елмен бірге, бізбен де,
Жауға қарсы күресіп,
Тұр, бізбен әр кезде де.
Жырларың сенің ызалы,
Әр жолы жауға ызғарлы...
Адымдап сапта жүр алғы
Жауынгердей өлеңің.
Әділ-шындық, дұрыстық
Жер жүзіне тыныштық
Тілеп жырың, тұр, ыстық,—
Шаттығы үшін еліңнің.
Көктен сәуле күн шашып,
Жасыл тоғай гүл ашып,—
Жапырақтары жараса,
Көктемнің түскі кезінде,
Жанға рақат сезіле,
Тұрғаны қандай тамаша!
Өлең елмен құрдастай,
Өмір сүріп сырластай,
Поэзия өшпейді,
Оны өшті деспейді.
Өлең жолы дестелі —
Домбыраның шегіндей,
Зергер ойған кестелі
Шеккен шебер шегудей —
Болса екен тағы күллі әлем
Бейбіт жарқын өмірдей,
Өмір сырын білмеген
Болмасын адам, шегінбей,—
Дер едім бақытты елменен
Ессін жыр таң лебіндей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрекеңе

  • 0
  • 0

Қайран біздің Құрекең
Ірілердің бірі екен
Алматыға келерде,
Құтырынып тур екен.

Толық

Ленин құрылыста

  • 0
  • 0

Жиһаннан да ұлы болып
Туған қандай ұлы күш?!
Миллионнан
Туған Ленин Владимир Ильич!

Толық

Достық дәні

  • 0
  • 0

Айдыны аспан сүйген Ақ Жайықтың
Жайнаған жасыл тоғай жан-жағы ықтын,
Ақтарып ақ бидайдың атырабын
Толықсып тұр тамаша ғажайып күн.

Толық

Қарап көріңіз