Өлең, жыр, ақындар

Достық дәні

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 305
Айдыны аспан сүйген Ақ Жайықтың
Жайнаған жасыл тоғай жан-жағы ықтын,
Ақтарып ақ бидайдың атырабын
Толықсып тұр тамаша ғажайып күн.
Жайықтың жазғытұрым жонына еккен
Жайқалып егін адам жолын күткен,
Қырманға, күз маржандай құйылды кеп
Қызыл дән Чапаевтан, Жәнібектен.
Машина көтере алмай дән салмағын,
Жондардан көрдім ойып жол салғанын,
Шағанның шалқып аққан шалқар суы
Тұр шаққа басар-баспас жер шаңдағын...
Молдаван, Азербайжан жастары да
Ұл, қызы Вьетнамның қостады да,
Ақ Жайық жонына кеп құлаш жайып
Тоғысты қырда қазақ достарына.
Оралдың жатқан жазық даласына
Екті де еркін қолдар дән асыра,
Достасқан ел ұлының жүрегінің
Шаттығы тұр симай көз шарасына.
Еңбектен елге сыйлық тартып астық,
Шаттанып, шағымыз ба, шалқымастық,
Отанның қоймасына құйды Оралым
Міне елу миллион пұт алтын астық.
Туған ел, бұл тасқыны өр қайраттың,
Сен үшін рапорт қып өлең тарттым,
Халқымның осы үлесі — бастамасы
Беретін Қазақстан миллиардтың.
Отанға дәннен сыйлық тартылған күн
Қалайша жыр шырқамай тартынармын,
Күшейткен ел еңбегін достастырып
Атына айтам алғыс Партияның.
Тасқындап Оралдағы астық дәні
Құйылды,— мұның өзі достық дәні.
Көңілді қоңыр күзде шырқатылды
Жаңғыртып Ақ Жайықты достық әні.

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құсырып жауды жеңген күн

  • 0
  • 0

Қақаған қарлы боранда
Қарулы ерлер тонар ма,
Қазіргі қанды майданда
Жауынгер біздің ұлдарға

Толық

Костер жыры

  • 0
  • 0

Әңгіме ғып жазғанда
Лаулап жанған костёрді,
Алайық еске аз ғана
Балалық қызық дәстүрді.

Толық

Ембі екпіні

  • 0
  • 0

Солқылдаған неге жер?
Жер қозғалған сияқты!
Толқыған толқын топан ба?
Көл қозғалған сияқты!

Толық

Қарап көріңіз