Өлең, жыр, ақындар

Өзі-ақ күн

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 470
Дабылынан Октябрь
Ойы - қырым оянып,
Ұлы арманға жеткен бір
Тұрған елім толғанып.
Қуана халық төккен жыр,
Жаны самғай, қомданып!
Революция күшімен
Сұрғылт тұман сытылып,
Отты сыпырғышымен
Күн — жер шаңын сыпырып,
Патшаны атып түсірген
Миллион қолдар ұмтылып!
Жалынды тілді от жалап
Қуанышты ел қазанын,
Құйылып қымыз қат-қабат
Құлшына тойлап қазағым,
Жарқын таңға жалт қарап!
Лақтырды өмір азабын,
Бақыт таңы атқалы
Өтіп он жыл төрт қабат,
Құлдық күні батқалы,—
Аймақты алтын апталап,
Елім алға тартты әрі
Жаны жалғай от қанат!
Октябрьден құйған нұр
Еліме менің азат күн!
Тұлғасы биік тұрған жыр —
Лениннің бізге — өзі-ақ күн!
Октябрьден туған бір
Елі біздің қазақтың!
Бақыттың,— Ленин — өзіндей,
Жұлдызы, халық таңының,—
Көктемгі күн көзіндей
Жылуы алақанының!
Тұрған жоқ шыңы сезінбей
Қазақтың Алатауының!
Бүкіл жұмыр дүниенің,
Отаным таудай тірегі,
Гүлденген менің елімнің
Бейбітшілік тілегі,—
Жүрегімен Лениннің
Тұр бір соғып жүрегі!
Торғын теңіз даламда
Жез мұрттанған ақ бидай,
Алақан ашсам аямда
Мөлдіреп моншақ жатқандай
Жаза білген қаламға
Құс қанатын таққандай!
Қырда шопан жел-құзды
Елемей, мал жайғандай,
Керсен біздің ұл-қызды —
Бетінен қан тамғандай,
Алматыда алқызыл
Піскен апорт алмадай.
Кешегі қойшы, көр бүгін,—
Өсті өрлеп ғылымпаз,
Өрілтіп ән өрнегін
Жан тербете тұр әнпаз,
Ақын шырқай сермеді үн,
Секілді бір дауылпаз!
Аймағым бай Каспийден
Алтайға дейін ен далам,
Есейіп ел, ес білген —
Аясында кең далам,
Партиям — анам өсірген
Жанымен жырлар мен балаң!

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ленин

  • 0
  • 0

Көрінген, көк шарайна мөлдір аспан,
Күн туып, сол аспаннан нұрын шашқан.
Жер шарын жүйрік қиял айдай шолып,
Адамзат арманына араласқан;

Толық

Сөнбес жарық

  • 0
  • 0

Күн шықпай ма орнынан?
Таң арайлап атқанда,
Оны сөнді дер ме адам,
Көкжиекке батқанда

Толық

Құм қызының жүзімі

  • 0
  • 0

Қымтай тастап қаланы
Құмның жалпақ табаны,
Ордадан сәл жоғары
Тұрды жүзім алаңы.

Толық

Қарап көріңіз