Өлең, жыр, ақындар

Украина

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 573
Николай Тихоновтан

Шевченко мен Пушкиннің
Жырым шалқи толқыған
Жас күнімнен жақсы үнін
Сан түн сүйіп оқығам.
Жақсы әңгіме өлеңде
Майданда да өрге өрлей,
Украина тұрды өрде
Жырдай, жандай, өмірдей.
Тұңғыш көрдім Киевті
Көктемде гүл төккен кеп,
Днепр бойың көрікті
Теңізден де көкпеңбек.
Қыз бетіндей нұр атқан
Бау-бақшалы аймағың,
Майданда Ленинградтан
Түсіме енген май айың.
Жаңғырта майдан тау-тасты,—
Жүріп жатты гүрілдей,
Украина отпен айқасты,
Жырдай, жандай, өмірдей!
Қырық төртінші жылы ұшты
Самолеттер Киевке,
Қыс еді, ақ қар жер үсті
Қарағанда биіктен.
Украинаны мен көргем
Аясында ақ қардың,
Жаралы жерді емдеген
Астында сұр бұлттардың.
Өшіп, бүгін жоғалды
Көлеңкесі өткеннің,
Жайнаттың село, қалаңды,
Гүл атты қайта көктемің!
Жаутаң қағып көңілді
Көктен жұлдыз үңілген,
Сүйем жарқын еліңді
Украина сұлу түніңмен.
Жұлдызымен көк аспан
Жер жұлдызы тілдесіп,
Көкке бойы ұласқан
Сарайлар зәулім күнде өсіп.
Аяулы Киев, Днепр
Аяң алтын өрімдей,
Күндей мәңгі күл де тұр!
Жырдай, жандай, өмірдей!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын Әбуге

  • 0
  • 0

Әбеке! — Жанға жайлы әр лебізің.
Жып-жылы жақсы жырдай бар мінезің!
Ақындық, мейірбандық жүрегіңді —
Әрқашан сол қалпында қалдыр өзің.

Толық

Темір жол

  • 0
  • 0

Жол салып, ән қосқандар,
Күрегі қолда жарқырап,
Төселді ауыр шпалдар
Үйілді қойтас, топырақ.

Толық

Қызыл әскер

  • 0
  • 0

Қуат қайнап құйқылжыған қырандар,
Қажыр қайтпас, қырағы қырғи ұландар.
Жауға қаптап,
Шығып сап-сап,

Толық

Қарап көріңіз