Өлең, жыр, ақындар

Қызыл әскер

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 502
Қуат қайнап құйқылжыған қырандар,
Қажыр қайтпас, қырағы қырғи ұландар.
Жауға қаптап,
Шығып сап-сап,
Жеңіп таптап,
Алға аттап,
Табын жақтап батыр ұлан ұрандар.
Болат құрсау, мұздай темір буынып,
Сауытынан түгің шығып, түйіліп,
Көк құрыштан
Жалын шашсаң,
Қорқып дұшпан
Сенен қашқан,
Шынық, жауға жай оғындай шүйіліп!
Жау тиіссе, түнерсе бұлт түн түнек,
Өрт боп жанып, түре қуып дүркірет:
Еңбекші тап,
Ұлдары нақ,
Табын сақтап,
Сақ бол, сақ, сақ!
Күшейе түс бейне күндей күркіреп!
Көк тіреген көк найзаңның ұшына,
Желкілдетіп, туыңды іл ұшыға.
Тауды тессін,
Тастан өтсін,
Торды сөксін,
Талқан етсін,
Атқан оғың жау жүрегін ұшыра!

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алып тұлға

  • 0
  • 0

Ұлы мүсін сан жүректің
Сүйсіндіре қылын шертті.
Қарап тұрған соған жұрттың
Жан сезімін елжіретті...

Толық

Сен келдің

  • 0
  • 0

Сен келдің көктем келгендей,
Жаз гүліндей тағы өстің,
Тыншиды жаным тербелмей,
Бірақ сенен алыспын;

Толық

Еңбек сүйгіш жеңешем

  • 0
  • 0

Білегін әппақ түрініп,
Үй жұмысын істеген,
Тап-таза боп үрініп,
Үстіне шаң түспеген.

Толық

Қарап көріңіз