Өлең, жыр, ақындар

Ардагерлер

Ардагерлер сіздерге ізет, құрмет,
Ерліктерің бойыма жігер берет.
Қайтпас қайсар, батырлар, ардақтылар,
Асқар таудай, алыптар, нар тұлғалар.

Ұмыт болып бүгінде ардагерлер,
Жан тапсырған елім деп жауынгерлер.
Еске аламыз мамырдың тоғызында,
Басқа күндер қалады қайда сонда ?

Қан майданға аттанып ойланбастан,
Жауғы қарсы қару алып тайсалмастан.
Отан үшін, жер үшін артта қалған,
Қасық қаны қалғанша ұрыс қылған.

Қажымастай қайраты бар бойында,
Ешкім білмес астарлы сыр ойында.
Естілгендей тарих үні сөздерінен,
Көрінгендей жалын оты көздерінен.

Мәңгі сөнбес сәуледей жүздеріңіз,
Артта қалды өшпестей іздеріңіз.
Бойын үрей, қорқыныш билемеген,
Жарқын күнге зор үміт жетелеген.

Ардагерлер сиреп барат күннен күнге.
Міндет бізден қадірлеп, қастерлеуге.
Әр ардагер қолда бар асылымыз,
Қоғам болып қолдасақ барлығымыз.

Ұлы далам ұлдарын ұмытпаған.
Ерліктерін бағалап ұлықтаған.
Мәртебесін, мерейін үстем қылып,
Жас ұрпаққа ерлігін үлгі қылып.

Ұлылардай бас иуге лайықсыздар,
Жеңіс туын рейхстагқа тағыпсыздар.
Бейбіт заман орнатып елімізге,
Ардагерлер мың алғыс бәріңізге.



Пікірлер (3)

Жанар

Сайысқа ма?

Kuandik_Zholtai

Иә

Жанар

bilim2019 - деген ілмекті қосу керек.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар