Өлең, жыр, ақындар

Қырғыз — менің өз елім

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 448
Туыстармен сәлемдесіп, қол ала, —
Көрейін деп келдім бірер қонаға.
Мейман емен, Қырғыз — менің өз елім,
Өз еліне — кісі мейман бола ма?
Ақын қырғыз жырласа да әр сөзін
Ырғақтары секілді бір өз үнім!
Домбыраның шанағындай күй толы
Қырғыз үйі — бейне менің өз үйім.
Тауларының жанар тіксем жүзіне,—
Біздің таудың деп қалам нақ өзі ме?
Күлімдеген қыздарының көзі де
Ұқсап-ақ тұр біздің қыздар көзіне...
Сыңғыраған сұлу күйдей ырғалып,
Көңіліме достық ойлар оралып,—
Туысқандық үн тоғыссын деп келдім,
Алматыдан Фрунзеге жыр алып.

1955



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Улы ағаштың тамыры

  • 0
  • 0

Улы ауадан жаралған,
Улы жерден таралған,
Улы судан көктеген,
Көктемей, шіріп, жетпеген,

Толық

Алғыс

  • 0
  • 0

Шың шоқысы көкке тиіп,
Аясында ойнап киік,
Қырғыз тауының атасындай
Сұңқар ұя тұрған биік.

Толық

Орылмаған алқап

  • 0
  • 0

Құстар қайтты, тұрды кешеу қоңыр күз,
Жап-жалаңаш орман-тоғай, құла дүз.
Жасыл егін орылмаған бір алқап...
Көңіліңе ой салады жабырқап.

Толық

Қарап көріңіз