Өлең, жыр, ақындар

Орылмаған алқап

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 337
Құстар қайтты, тұрды кешеу қоңыр күз,
Жап-жалаңаш орман-тоғай, құла дүз.
Жасыл егін орылмаған бір алқап...
Көңіліңе ой салады жабырқап.
Сыбырласып, бидай басы тілдескен:
Көңілді емес көрсең күзгі желді ескен.
Көңілсіз-ақ жерге иіліп бас ию,
Бітік шыққан дәндер шыңға басылу!
Түн болса тек жүргіншілер қиратып,
Қайтқан құзғын құстар жейді таратып;
Қоян таптап, дауыл соғып кетеді,
Қайда орушы? Енді нені күтеді?
Өзге дәннен әлде төмен өндік пе?
Бітік енбей әлде дән кем бердік пе?
Басқалардан кем емеспіз, біз өскен,
Әлдеқашан дәнбіз ерте тез піскен.
Екпеген-ақ болар сірә біздерді,
Жерге шашып құрытсын деп күз желі?..
Жел көңілсіз жауап беред оларға:
– Орушының күші жоқ деп оруға.
Біле тұра, неге шашып екті екен,
Әлін білмей неге еңбек етті екен.
Бишара ішіп-жемей қара жүдеуін,
Құрт жеп жатыр оның ауру жүрегін.
Қолын тырма қарыстырған жолшыбай,
Шөптей семіп, қатып қалған қамшыдай.
Көз нұры да семіп, даусы қарлыққан,
Зарлы жырын айтып сорлы зар қаққан.
Ұстағандай қолмен басын соқаның,
Орушы ойлап шолды егін алқабын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хрустальдар сыңғырлап

  • 0
  • 0

Киіп аппақ дала гүл,
Жігітін бір қыз күтіп
Тұрғандай-ақ, жаңа жыл
Жетті міне мұз кірпік.

Толық

Достарға хат

  • 0
  • 0

Емханада жатырмын,
Жиырма алтыншы палатам,
Таңды жырмен атырдым,
Көз тартады дала тым...

Толық

Тракторшы Николай

  • 0
  • 0

Жаңа келген Кубаньнан
Тракторшы Николай,
Еңбегін ел құп алған,
Көтеріпті тың талай!

Толық

Қарап көріңіз