Өлең, жыр, ақындар

Доп ойнайтын алаңда

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 685
Жуынып алып шықты олар,
Доп ойнайтын алаңға.
Балаға алаң шып толар,
Жақ-жақ боп, доп қағарда.
Допты асырып лақтырар,
Ортада керме тор тұрды.
Қай жағы өнер арттырар,
Доп тосқан самсап қол тұрды.
Екі жақтан қақпаның
Аузында дайын вратарь,
Қай жақтың әдісі артқанын
Судья тұр сынатар.
Біреу шығып бір жақтан,
Әне допты лақтырды.
Деп қақпаға жолатпан
Вратарьлар сақ тұрды.
Сарт еткізіп соққанда,
Аспандап барып доп төмен
Құлдилап келе жатқанда,
Қағысты допты дөп келген.
Ұтыласып доп қақты,
Балалар біраз ойнады.
Ойындарын тоқтатты,
Кешкі астың боп қалғаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иран бағы

  • 0
  • 0

Уа, Иран бақ, Иран бақ,
Гүлге оранып тұрған бақ,—
Ақынның талай жырына
Ілініп, жүрек сырына

Толық

Демьян Бедныйдың зиратының басында

  • 0
  • 0

Қызықтырар ерлігің
Жұрттың әлі ойында,
Жырында ерлік еліңнің
Ұранды үнің бойында.

Толық

Мәдениет ошағы

  • 0
  • 0

Университет мәдениет ошағы,
Нұрлы ғылым алтын бұлақ құшағы.
Санасына құйып сәуле жас ұрпақ,
Қырқылуда надандықтың тұсауы!

Толық

Қарап көріңіз