Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі хал

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 281
Қатал қыстағы
Алатаудың шыңдарын
Қатпар-қатпар
Мұз басқандай,
Менің де жанымды
Құрсаулап мұз басуда;
Балқаш көлімнің
Бүкіл денесін
Тұз басып бара жатқандай
Менің де
Буын-буынымды
Тұз басуда.
(Арман, Үміт
Дәл қазір—
Қауіпті құз басында.)
Сексеуіл,жыңғылы
Қырқылған даланы
Құм басқандай,
Бүйрек пен бауырдың
Қуыс-қуысын толтырып
Құм басуда.
Құрғақшылық пен өртке
Шарпылған орманды
Мұң басқандай,
Ойымды мұң басуда.
(Қол ұшын берер деп
Қоғамға қарап ем—
Қоғамым—
Құтырған бурадай!—
Жын шашуда.)
Жүдеу Каспийім,
Жадау Аралым...
Мұндай хал-күйде
Қалай мен
Жарқырап жанамын...
Бірақ та
Жоқ қой амалым.
... Мен қазір
Қайран табиғат құсап
Кеуіп, қансырап,
Тарылып,
Тартылып барамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қатерлі ойдан шошыну

  • 0
  • 0

Мына бір адам
Ел мен жерге
Азап әкелер
Күйедей қап-қара

Толық

Қажыдым

  • 0
  • 0

Бәле жайлаған елдей
Қажыдым.
Құзғын саңғыған жердей
Қажыдым

Толық

Қызуын тартып әр күннiң

  • 0
  • 0

Қызуын тартып әр күннiң,
көл жатыр тұнық ойланған, –
ортасын ойып шалғынның
бетонмен төсеп қойғандай,

Толық

Қарап көріңіз