Өлең, жыр, ақындар

Қатерлі ойдан шошыну

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 296
Мына бір адам
Ел мен жерге
Азап әкелер
Күйедей қап-қара
Қатерлі ой ойлады.
Жанының түкпірінен
Бір түйсік оянып
Қой-қойлады
Түйсігін тыңдаған жоқ!
Қатерлі сол ойды
Сезінген Даламның —
Шошынғаны сонша! –
Кеудесі керіліп
Көтеріліп-басылды.
Шаңды жел азынап,
Құйындар құтырып,
Теңіздер шулап, –
Дүние әп-сәтте
Долданып ашынды.
Қатерлі сол ойдан
Шошынған бұлттар
Қып-қызыл найзағайлармен
Өзін-өзі тілгілеп,
Өзін-өзі
Дал-дұл етті...
Басымнан әлдене —
Жүн- жүн албасты сияқты —
Алау-далау боп
Қарғып өтті.
Қатерлі сол ойдан—
Сескенгені сонша
Маңқиған тауларың
Жан- жағына
Шошып қарады.
Алып жоталарың
Алып тасбақалардай
Тоңқаң-тоңқаң етіп,
Иір- иір жолдарың
Ирелеңдеген жыландар құсап
Қалыңға қарай
Қашып барады...
Е, Алла сақтай гөр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не боп кеттi дүние?

  • 0
  • 0

Дүние алжасты.
Елдер мен елдер
Бiрiн бiрi
Тозақтың iшiне тығып

Толық

Шуақ

  • 0
  • 0

Мынау тiрлiк азап боп
Бiтпей қойды жарамыз...
Қатып қалды қасат боп
Iшiмдегi қара мұз.

Толық

Диқан

  • 0
  • 0

Жер сияқты осы адам.
Күн кептiрiп,
нөсер жауса босаған.
Жүретұғын түрiп балтыр, бiлегiн

Толық

Қарап көріңіз