Өлең, жыр, ақындар

Қызуын тартып әр күннiң

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 230
Қызуын тартып әр күннiң,
көл жатыр тұнық ойланған, –
ортасын ойып шалғынның
бетонмен төсеп қойғандай,
Қарсы ұшып қанша жерлерге
қайталап үнiн шектердiң,
қонады құстар
сол көлге –
аэродромына көктемнiң.
Қалқып бiр ашып құшағын
жуынып самал, лептерге –
қонады, қайта ұшады
кiшкене самолеттердей.
Дей бер сен мейлi желөкпе
құстарға ерек ынтықпын...
«Шаңқ» ете қалды кенеттен
дауысы зұлым мылтықтың.
Қанатын құстар сабалап
дүр етiп ұшты аспанға –
жарылыс болып
ғаламат
шашырап жатқан тастардай.
Жоғалтып сәтте шаттығын
дүрлiгiп құстар қалысты.
Қарбалас болып жатты бiр
аэродром – көл үстi.
Не күйге бiздер түстiк деп,
ұшты олар тұнық көгiме...
Тыныштық орнап
құс бiткен
қайтадан қонды көлiне.
Тiлерiм ендi тiрлiкте:
болдырма деймiн сұмдықты,
құстарды мәңгi үркiтпе,
шығарма үнiн мылтықтың.
Қасiрет, қайғы бермесiн.
Осы ойды желеп, жебермiн!
...Қарбалас бола көрмесiн
аэродромдары әлемнiң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалай адаспайсың?

  • 0
  • 0

Қарыс жер көрсетпей –
Тұмшалаған! –
Тұманның iшiнде қалсаң
Қалай адаспайсың?

Толық

Адам

  • 0
  • 0

Еш өзгерiс болмаса да түрiнде,
түбiрiнде,
тамырында,
үнiнде

Толық

Бабай түкті шашты Әзиз

  • 0
  • 0

Алдымен –
Тылсым бiр! –
Күмбiрлер мен күңгiрлер шықты.
Сонан кейiн

Толық

Қарап көріңіз