Өлең, жыр, ақындар

Құрғақшылық

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 495
Мына дүние
Лапылдаған
Отқа түскендей.
Ыстықтығы сондай –
Отын-ошақсыз-ақ
Ботқа піскендей.
Аптап ыстықтан
Шөгіп қалған таулардың –
Қарашы! –
Жылан жалағандай
Күлгін етегі.
Бұрқан-талқан боп
Тасып ағатын өзендер
Жіптей жіңішкеріп –
Үзіліп кетердей! –
Дір-дір етеді.
Жапырақтардың
Көнерген жамау секілді
Жалбырауын-ай.
Ағаш біткеннің
Жадап-жүдеген
Бейшаралар секілді
Сүмірейіп салбырауын-ай.
Құрғақшылық та
Елдің еңсесін езер
Күйік бір.
Биік-биік үйлердің
Бетон қабырғалары
Токка қосылғандай
Күйіп тұр.
Бұл өмірдің
Қаны тартылып
Кеткендей кетеуі.
Сөйлейін десем –
Сөздерім! –
Кеуіп қалған
Жапырақтар секілді
Судыр-судыр етеді.
Құрғақшылық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зауал

  • 0
  • 0

Отырды қарт аула iшiнде,
көктемде.
Мойынсұнған уақыт деген өктемге.
Отырды қарт таяғына сүйенiп,

Толық

Бас туралы жыр

  • 0
  • 0

Аспан астындағы
Бүкiл мына тiршiлiктiң
Бұл ендi
Барып тұрған соры болды:

Толық

Сараң

  • 0
  • 0

Бiр күнi жоқ отыратын жыланбай,
әлi жүр ол бiр тиын да шығармай.
Осыншалық молшылықта көл-көсiр
бар ғой әлi шық бермейтiн Шығайбай.

Толық

Қарап көріңіз