Өлең, жыр, ақындар

Сараң

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 213
Бiр күнi жоқ отыратын жыланбай,
әлi жүр ол бiр тиын да шығармай.
Осыншалық молшылықта көл-көсiр
бар ғой әлi шық бермейтiн Шығайбай.
Қалт-құлт етiп тұратұғын әрдайым,
шалшықтай-ақ тереңдiгi, деңгейi.
Одан әлi дәм татпаған ешкiм де
Алдарөседен кейiн.
Мойнын тартып тасбақадай тығылған
бiр жақсылық жасамаған ғұмырда.
Алар кезде алақаны ашылып,
берер кезде алақаны жұмылған.
Шай үстiне кеп қалса да танысы,
бiреу келiп су iшсе де арысы
шығып жатқан шығын болып көрiнер
бәрi, бәрi ол үшiн.
Соның бәрi
оның жанын қинайды,
соның бәрi
сараң үшiн мұң, қайғы.
жиған бүкiл дүниесiн,
байлығын
өзге түгiл өзiне де қимайды.
Ол көрмейдi тiршiлiктiң кеңдiгiн,
тарылумен өткiзедi әр күнiн.
Қоям ба деп тамақты да көп iшiп
ол байлайды тартыңқырап белдiгiн.
Мадақ айтып,
мақтап сұрап жат мейлi,
небiр айла,
қулықты ойлап тап мейлi
жаттап алған бiр-ақ сөзi бар оның
жоқ, жоқ дейдi,
жоқ, жоқ дейдi,
жоқ дейдi!
Үнiн, дауысын сезбейтұғын қоғамнын
көгермейтiн, көктемейтiн томар бұл.
Жоқ, жоқ, дейдi, жоқ, жоқ дейдi, жоқ дейдi!
...Өзiң қашан жоғаласың жоғалғыр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мерез

  • 0
  • 0

Мына жанның
Қара темірдей сірескен
Жұлынын-ай.
Күн нұры түскенде —

Толық

Аяр әйел

  • 0
  • 0

Жүредi ол жұртты ылаң қып,
тайсалар одан iбiлiс.
Не деген түлкi бұлаңдық?!
Не деген сылқым құбылыс??

Толық

Дауасыздық

  • 0
  • 0

Дүние аласапыран.
Астаң-кестең.
(Бұл әлем
Талай-талай аласапыран мен

Толық

Қарап көріңіз