Өлең, жыр, ақындар

Іштен тыну

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 643
Дәл қазiр
Көп-көп адам,
Көп адам
Iштен тынып жүр.
Долы қуатын,
Бұла қайратын,
Сұрапыл сөздерiн
Сыртқа шығармай
Тығып жүр.
Iштен тынып жүр.
Мына өмiрде
Бiреулердiң асқаны,
Бiреулердiң тасқаны,
Бiреулердiң қорлығы,
Бiреулердiң зорлығы,
Бiреулердiң аузынан
Нанын тартып алғаны,
Бiреулердiң мойнына
Бұтын артып алғаны,
Бiреулердiң – ақ әдiл! –
Үнiн құртып жатқаны,
Бiреулердiң – қастерлi! –
Тiлiн қырқып жатқаны
Шыдатпай бара жатса да
Түптiң түбi – ертең-ақ! –
Келедi деп кезек бiр
Өз-өзiне құрық сап,
Өзiн-өзi тежеп жүр.
Көп-көп адам,
Көп адам
Iштен тынуда.
Олардың намысы –
Ертең-ақ!
Жарқ етiп шығамын деп
Қылыш боп
Қайралып жатыр.
Олардың ашу мен ызасы –
Ертең-ақ! –
Бұрқ етiп жарыламын деп
Оқ-дәрiге
Айналып жатыр...
Көп-көп адам,
Көп адам
Iштен тынуда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүгінгі қазақ кедейі

  • 0
  • 0

Кеудесi қан,
Жұтқаны шаң,
Отызда шал,
Қырықта сал,

Толық

Қорқыттың көрі

  • 0
  • 0

Келiп қалған ажалдан
Зәре-құты қалмаған
Жазған Қорқыт
Нар маясына

Толық

Суық заман

  • 0
  • 0

Мына заман —
Түкiрiгiм
Жерге мұз боп түсетiн
Күндей суық;

Толық

Қарап көріңіз