Өлең, жыр, ақындар

Суық заман

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 187
Мына заман —
Түкiрiгiм
Жерге мұз боп түсетiн
Күндей суық;
Көрдiң iшiнен
Құмығып шығатын
Үндей суық.
Қас-қабағы
Солтүстiк Мұзды мұхиттай
Қатып жатыр.
Содан да дүние
Қайғы мен қасiретке
Батып жатыр.
Ақ түтек бораны —
Iшiме кiрiп! —
Жан-жүрегiмдi
Алай-дүлей етiп
Орап алады;
Дiрдектеп кететiнiм сонша
Тұмсығымнан су,
Көзiмнен сорам ағады.
Не болғанда да,
Түңiлмеуiм керек.
Не болғанда да,
Бүгiлмеуiм керек.
Мына заманның
Қабағын жапқан қара түн
Жердi көмгендей...
Бiздер ушiн
Үскiрiкпен дем алып,
Қарды қарпып асап,
Мұзды қашырлатып шайнап
Күресетiн шақ
Ендi келгендей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шүкір!

  • 0
  • 0

Аяғымның астында —
Алып жер.
Кеудемде — теңіз.
Ал басымда —

Толық

Шуақ

  • 0
  • 0

Мынау тiрлiк азап боп
Бiтпей қойды жарамыз...
Қатып қалды қасат боп
Iшiмдегi қара мұз.

Толық

Сатқынға

  • 0
  • 0

Еліңнің рухын саттың —
Өмірдің ұрығын саттың.
Дініңді саттың,
Тіліңді саттың,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар