Өлең, жыр, ақындар

Қорқыттың көрі

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 403
Келiп қалған ажалдан
Зәре-құты қалмаған
Жазған Қорқыт
Нар маясына
Керек-жарағын
Асығыс-үсiгiс
Артып қашты.
Үйеңкiнiң түбiнен
Үйiрiп алған қобызын
Жесiрлердей зарлатып
Тартып қашты.
Қашты, қашты!
Керiлiп жатқан көлдердi
Кешiп қашты.
Көлденең жатқан белдердi
Кесiп қашты.
(Қарақұрттай қап-қара
Бiр жапырақ бұлт
Тас төбесiнен
Кетпей қойды.
Сол бұлттың қап-қара
Көлеңкесi түскен
Шөп пен жапырақ
Қазан ұрғандай
Көктей солды.)
Апыр-ай,
Анда барса да
Көрi қазулы,
Мында барса да
Көрi қазулы.
Қылар амалы да жоқ,
Тығылар қамалы да жоқ.
Қап-қара түнек жапқан
Түн елiне де барды,
Сәулеге шомылып жатқан
Күн елiне де барды,
Көлдерi күмiстей жарқыраған
Су елiне де барды.
Таулары көк тiреген
Шың елiне де барды.
Барлық жерден де
Тiсi ақсиған
Өлiм көрдi.
Қазулы тұрған
Көрiн көрдi.
Осыны көрiп тұрған
Түн елi де жабықты,
Күн елi де жабықты,
Су елi де жабықты,
Шың елi де жабықты.
Қыс пенен күз де жабықты,
Түз де жабықты.
...Қорқыт та дүниеден өттi.
Заманалар ауысты.
Қорқыт өткенмен
Оның тағдыры
Бiзге ауыпты.
Сенбесең қарашы:
Түр түсi
Ажалдан да жаман
Сумаңдаған әнебiреулер –
Қолын күмiске толтырып,
Аузына алтын асатсам да! –
Тояр емес.
Тас төбеме
Қарақұрттай қап-қара
Бұлтын үйiрiп
Жүрер жолымның бәрiне
Көр қазуын қояр емес.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күту

  • 0
  • 0

Өзгеше боп есiтiлiп өз үнiм
елеңдейдi сезiгiм мен сезiмiм.
Күте-күте,
күте-күте өзiңдi

Толық

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Жаным жасып,
Көңiлiм қобалжып қалған.
Не нәрседен де
Жасқанатындай.

Толық

Бабай түкті шашты Әзиз

  • 0
  • 0

Алдымен –
Тылсым бiр! –
Күмбiрлер мен күңгiрлер шықты.
Сонан кейiн

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар