Өлең, жыр, ақындар

Ешкім естімеді

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 630
Мен өлiп жатқалы
Қаншама заман өттi, –
Тоқсан тоғыз құйын,
Тоқсан тоғыз амал өттi.
Тұла бойымды
Құрт-құмырсқалар
Талап жеп жатыр, –
Бiреулерi тойса,
Екiншiлерi қаптап
Кеп жатыр.
Жеп жатыр.
Айналамда –
Үскiрiк тұр...
Кеудемнiң iшiне
Кiрiп алған жылан
Ысқырып тұр...
Сүйектерiм
Көкпеңбек
Мүк болып қалыпты.
Iшектерiм кеуiп
Шектей жiңiшкерiп
Жiп болып қалыпты.
Өзiм қобыз сияқты
Бүкшиiп алғам.
Қап-қара боп
Түксиiп алғам.
Бiр қабырғамды
Сындырып ап
Жiптей жiңiшкерген
Iшек-шектерiмдi ысып
Сарнатып тарттым,
Зарлатып тарттым.
Ол үндер –
Қайғы мен мұң боп
Сарқырап аққан
Үндердiң көшкiнi едi...
Бiрақ оны
Ешкiм естiмедi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлеңім

  • 0
  • 0

Өлеңім-ау!
Дүниенің түрі жаман!
Түптің-түбінде қалжырап
Сен де өлесің,

Толық

Бұл не пәле!

  • 0
  • 0

Жылаған сайын
Күлдім.
Күлген сайын
Жыладым.

Толық

Тақырыпсыз өлең

  • 0
  • 0

Ендіктерді
Ендеп жүгірдім,
Бойлықтарды
Бойлап жүгірдім.

Толық

Қарап көріңіз