Өлең, жыр, ақындар

Абай атамызға арнау!

Сөздері шарлап қазақпен әлем арасын,
Абаймен таныр қазақтың байтақ даласын.
Ал ұлы Абай атамыз,
Ойлап кеткен екі ғасыр бұрын ақ қазақ аласын.

Абай дана, Абай дара қазақта,
Көкірегі ояу әр бір қазаққа.
Жақсыменен, жаманды бөліп жарып,
Көрсеттіңіз ақ пенен қарасында.

Келсе өлеңге көңілім тасып, толдым,
Абай әні арқылы ғашық болдым.
Өзің салған бес асыл іс жолымен,
Өнегеңді асырып, шалқып толдым.

Ән жырыңмен тербеп кеткен қазағыңыз,
Ұмытылмас сіздің жазған жырларыңыз.
Оқимында таң тамаша, дем алып,
Жыртығы көп жүрегімді жамадым.

Ұлы Абайды оқымаған қазақпа,
Сөз асылы секілді әр бір қазаққа,
Сүрмеуін сөзбен салған Абай атам,
Өсиеті назардан тыс қалмаған.
Өлмей тұғын артынан сөз қалдырған,
Өшпей тұғын жүректе із қалдырған.
Сөздерімен жүректі дір еткізген,
Алты алашқа әйгілі Абай атам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз