Өлең, жыр, ақындар

Тақырыпсыз өлең

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 358
Ендіктерді
Ендеп жүгірдім,
Бойлықтарды
Бойлап жүгірдім.
Бүгінге үңілдім
Ертеңнен түңілдім.
Айды алпыс рет,
Жерді
Жетпіс рет айналдым,
(Сол ортада
Жоғалып кетпегеніме
Қайранмын)
Таулардың үстінен
Мұхиттарға секірдім...
Бірде кетілдім,
Бірде жетілдім.
Соның бәріне
Қайырылып қарап,
Соның бәрін
Қамығып ойладым.
Сонан кейін
Аспандағы айыңды
Дауылпаз қып қағып,
Жұлдыздарыңды түймедей көріп
Түртіп ойнадым.
Түннен шығып,
Күндізге кірдім.
Бірде
Аққудай сұңқылдап,
Бірде
Қасқырдай ұлыдым.
(Бірде сорлымын,
Бірде ұлымын)
Бірде нысана,
Бірде оқпын.
Бірде бармын,
Бірде жоқпын.
Бірде жер үстіндемін,
Бірде көр ішіндемін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гөй-гөй!

  • 0
  • 0

Таусылмайды жыры гөй-гөйдiң.
Алтай шөгiп,
Алатау көшкенше сөйлеймiн.
Атырау суалып,

Толық

Жұмсақ та шығар-ау

  • 0
  • 0

Жұмсақ та шығар-ау
тас бұдан! –
дегендей: ұшырам,
жоқ қылам –

Толық

Адам демі

  • 0
  • 0

Құрсау менен қыспаққа сап емiнген,
ажыратып алатұғын өлiмнен,
тiршiлiк бар, құдiрет бар керемет —
Адам, сенiң, демiңде!

Толық

Қарап көріңіз