Өлең, жыр, ақындар

Махамбетше шамырқану

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 353
Сен менiмен
Тепсiнiп келiп,
Тебiнгi қағысып
Теңескiң келедi.
Сен менiмен
Жаға жыртысып
Егескiң келедi.
Құдай-ау,
Жөндеп қарасайшы!
Сен болсаң
Көңiрсiп, бықсып,
Түтiндеп сөйлейсiң ғой;
Жүрегiңдi май қапқандай, –
Бүгежектеп, —
Кiлкiлдеп сөйлейсiң ғой;
Мен болсам
Айналаны ақ түтек қып,
Астаң-кестеңiн шығарып
Қопарып сөйлеймiн ғой,
Күндей күркiреп,
Найзағайлармен тұтанып,
Оталып сөйлеймiн ғой!
Менiң иiрген асығым —
Алшайып! —
Құзда тұрған құлжадай
Алшысынан тiк түседi.
Сенiң иiрген асығың,
Не бүкшиiп бүк,
Не сықсиып шiк түседi.
Айырма қайда?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жауабын сізге қалдырдым

  • 0
  • 0

Бәріміз білеміз:
“Шеше көрген тон пішеді.
Әке көрген оқ жонады”,
Көсілген көсемді,

Толық

Өзегiмдi өртеп егер алсам да

  • 0
  • 0

Өзегiмдi өртеп егер алсам да,
айтарымды айта алмастан қалсам да,
көтерем де телефонның тұтқасын
Алматымен сөйлесемiн мен сонда.

Толық

Шетелдік алпауыт

  • 0
  • 0

Несiн жасырамыз!
Түңiлiп тұрмыз.
Сонда да алдында
Желдi күнгi ағаштай иiлiп,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар