Өлең, жыр, ақындар

Өзегiмдi өртеп егер алсам да

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 298
Өзегiмдi өртеп егер алсам да,
айтарымды айта алмастан қалсам да,
көтерем де телефонның тұтқасын
Алматымен сөйлесемiн мен сонда.
Сыр iздейтiн,
үн iздейтiн толғасар
даяр тұрар сағынышқа әрқашан
Алматының әр үйiмен жалғасам,
бар телефон-автоматпен жалғасам.
Алло! – деймiн –
жаңғырығар тау iшi,
Алло! – деймiн –
жақындайды алысым.
Керемет бiр өлең оқып бередi
күмбiрлеген жаңбырлардың дауысы.
Оранып ап жасыл шашақ желекке,
самал соқса-ақ түсiп қалар әлекке
құлағымның дәл түбiнде қол соғып
мәз болады алма ағаш та, терек те.
Қуат құйып бередi ғой қаншалық,
тұра алмассың мұндай күнi томсарып.
Өкпе-назын айтар тентек бұлақтар,
ал құстарым бередi ғой ән салып.
Айта алмаймын қай түкпiрiң, қай көшең,
бiлем бiрақ iздеп менi ой кешер.
Сәлемдесiп жастық шақпен асығыс
жүректi езген сағынышпен сөйлесем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маңғыстау

  • 0
  • 0

О, менiң Маңғыстауым, Маңғыстауым
Марқайып мақтанарым, алға ұстарым.
Өзiңде бар махаббат, бар құштарым.
Жыр болып құйылады алғыстарым.

Толық

Серік Ақсұңқарұлы

  • 0
  • 0

Сен,
Серік Ақсұңқарұлы,
Өлеңге —
Менен бұрын! —

Толық

Фантазия

  • 0
  • 0

Күн ыстық еді.
Алатауға барып
Бір арқа бұлтты
Алып кеп

Толық

Қарап көріңіз