Өлең, жыр, ақындар

Дүниеде үшеу жүр

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 347
Төлен Әбдiков, Дулат Исабеков, Ақселеу Сейдiмбековтерге

Дүниеде үшеу жүр.
Бiреуi
Өзiнiң iшiне кiрiп,
Бiреуi
Сөйлеген сайын күшiне кiрiп,
Бiреуi
Шайтанның түсiне кiрiп
Үшеу жүр.
Бiреуi жұртты
Өзiне магниттей тартып,
Бiреуi қыртты
От пен өрттей шарпып,
Бiреуi құтыртып
Қобызын тартып
Үшеу жүр.
Бiреуi шынардай,
Бiреуi қырандай,
Бiреуi ұрандай
Қалай тұрамын
Оларды құп алмай.
Уақыт-заман деген де
Аяқ пен қолға ғана емес
Сана мен тiлге түсетiн
Кiсен ғой.
Сол кiсен қиған сөздерден
Қан сорғалатқан
Үшеу ғой.
Ойлары өрттей
Үшеу бұл.
Үш рет қайталанатын
Ант пен серттей
Үшеу бұл.
Жердiң құнары
Елдiң құтындай
Үшеу бұл.
Рухтың ырысын қайнатқан
Ошақтың бұтындай
Үшеу бұл.
Дүниеде үшеу жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалған арман

  • 0
  • 0

Шiркiн-ай!
Парықсызды –
Құлақшекесiнен! –
Құлаштап тұрып ұрсам.

Толық

Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой

  • 0
  • 0

Қара жаңбыр.
Қала iшi.
Құйған саулап ағынды-ай!
Қолшатырға қарашы

Толық

Сырдарияда суға кету

  • 0
  • 0

Мына өмірде
Көргенім көп менің...
Бала кезімде
Сырдарияға

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар