Өлең, жыр, ақындар

Жалған арман

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 530
Шiркiн-ай!
Парықсызды –
Құлақшекесiнен! –
Құлаштап тұрып ұрсам.
Оспадарды –
Тыр жалаңаш шешiндiрiп –
Тiкенек, шеңгелдiң арасымен
Бақсыдан қашқан
Жындай етiп қусам.
Қатыгездi –
Кеспек құсатып! –
Балтамен
Қақ жарып тастасам.
Обырлардың қарнын
Ақ семсермен
Ақтарып тастасам.
Елiмдi басып жатқан
Уайым-қайғыны –
Жел болып соғып
Алып кетсем;
Өшкен ошақтарды
Қайтадан жағып кетсем.
Сатқынды
Табаныма салып
Балшықтай
Илеп тастасам.
Сұм мен сұрқияны –
Сирақтарынан ұстап! –
Елсiз шөлге
Сүйреп тастасам.
Бiрақ
Мұның бәрi арман ғой!
Жалған өмiрдiң
Арманы да
Жалған ғой!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос ниет

  • 0
  • 0

Бұл өмiрде аз ба, көп пе үлесiң –
Бәрiбiр сен! –
Жылайсың да, күлесiң...
Ғұмыр бойы еркiңнен тыс! – өлгенше

Толық

Жота басындағы домбыра

  • 0
  • 0

Шетсiз-шексiз мұнарт дала,
айдала.
Ұйып қалған,
тынып қалған айнала.

Толық

Шыңырау

  • 0
  • 0

Шыңырау – өлең,
Шыңырау – күй,
шыңырау – аңыз!
сусап қаңсып жатқан соң құм даламыз

Толық

Қарап көріңіз